дүйсенбі, 10 наурыз, 2025 17:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымбұлақта 3 туристің кесірінен қар көшкіні жүрді

Шымбұлақта 3 туристің кесірінен қар көшкіні жүрді
Фото: Аa.com.tr
Шымбұлақта 3 туристің кесірінен қар көшкіні жүрді

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Шымбұлақта қар көшкіні болғанын растады. 

"2025 жылғы 10 наурызда Медеу ауданы, "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты. "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, №26Б, 26Г көшкін үйінділерінде қар көшкіні болды. 112 желісіне құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", – делінген Алматы төтенше жағдайлар департаментінің жедел ақпаратында.

Департамент нақтылаған ақпаратқа сәйкес, "Шымбұлақ" тау-шаңғы кешенінде трассасыз шаңғы тебу кезінде (3 турист) еңісті кесіп өтіп, шамамен 3500 текше метр көлемінде қар көшкінін тудырған.

Құтқарушылар бұған дейін тауларда қар көшкіні қаупі туралы дауылды ескерту жарияланғанын, ол алдағы күндері де сақталатынын атап өтті.

"Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" дауылды ескертуіне сәйкес 11 наурызға дейін қар көшкіні қаупі сақталатынын хабарлайды!" – делінген хабарламада.

Бұған байланысты Алматы төтенше жағдайлар департаменті туристер мен демалушылардан:

Қарлы беткейлерге шықпай, қар көшкінін тудырмауды;

Таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды;

Абай болуды және ауа райы болжамдарын қадағалауды сұрайды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар