Ресей мен АҚШ Сириядағы жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл консультациясын сұрады
Ресей мен АҚШ Сириядағы жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл консультациясын сұрады
Ресей мен АҚШ Батыс Сирия тұрғындарына қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жабық консультациясын сұрады, деп хабарлады Ресейдің БҰҰ-дағы Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский, деп жазады Kazinform.
— Ресей мен АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жабық консультациясын Батыс Сириядағы бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты сұрады, — деп жазды Ресейдің БҰҰ-дағы Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский өзінің Telegram-арнасында.
Сондай-ақ, ол бұл консультацияларды Данияның Кеңес төрағалығы 10 наурызда Нью-Йорк уақытымен 10:00–де (Астана уақытымен 20:00) өткізеді деп күтетінін атап өтті.