Руханият

Таймс-скверде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны көрсетілді

Көрсетілімді АҚШ-тағы US Dears жанкүйерлер тобы ұйымдастырды.

Таймс-скверде Димаш Құдайбергеннің Love’s not over yet әніне түсірілген жаңа бейнебаяны көрсетілді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Көрсетілімді АҚШ-тағы US Dears жанкүйерлер тобы ұйымдастырды.

Бейнебаян төрт экранда, үш түрлі орында көрсетілді. Бұл орын метро станциясының жанында орналасқандықтан, оны көптеген жаяу жүргіншілер көріпті.

Трансляция басталмас бұрын жанкүйерлер арнайы жалға алынған залда клиптің премьерасын тамашалады. Қонақтар қатарында қазақстандық БАҚ өкілдері де болған екен.