Қоғам

Мәулен Әшімбаев: Көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Халықаралық әйелдер күніне орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жазба қалдырды. Онда былай делінген:

Мейрам қарсаңында бірқатар әріптесіміз жоғары наградалармен марапатталған болатын. Бүгін ұжым болып сенатор әріптестерімізді және Палата аппаратындағы қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, сол марапаттарды салтанатты түрде тапсырдық.

Бүгінде қазақстандық әйелдер өздерінің қажыр-қайратымен елдің дамуына үлкен үлес қосып келеді. Осы орайда Сенаттағы аруларымыздың өте белсенді екенін атап өткен жөн. Олар халық сенімін абыроймен ақтап, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформаларын іске асыру үшін аянбай еңбек етіп жүр.

Аппараттағы әпке-қарындастарымыздың да ел үшін атқарып келе жатқан еңбектері зор. Шын мәнінде, Палатада қабылданатын әр шешімде олардың үлесі мол.

Осыған байланысты Сенаттағы барлық ер азаматтың атынан ару әріптестерімізге алғыс айта отырып, тағы да көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға амандық, бақ-береке және барлық істеріңізге сәттілік тілейміз!