Президент Алматы әуежайында болған оқиғадан хабардар
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында болған кепілге алу оқиғасынан хабардар. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді,-деп хабарлайды Oimaqnews.kz
«Президент қылмыскерді қарудан айырып, ұстауға көмектескен азаматтың ерлігіне ерекше мән беріп, оны мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды», – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Еске сала кетейік, бүгін Алматы әуежайында 67 жастағы ер адам инспектор әйелді кепілге алып, пышақпен қорқытқан.