Қоғам

«Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры Қалмұхамет Дөңсебаев сотталды

Үкім заңды күшіне енді.

«Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры Қалмұхамет Дөңсебаев сотталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры Қалмұхамет Дөңсебаевқа қатысты үкім шығарды. Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.