Трамп Хамас-тан тұтқындарды босатуды талап етті
АҚШ Президенті Дональд Трамп ХАМАС ұйымынан тұтқындағы барлық израильдікті босатуды талап етті.
Бұл туралы Ақ үй басшысы әлеуметтік желіде жариялады. Сондай-ақ ол мәлімдемесінде екі тарап арасындағы келісім тұтқындар толық босатылмайынша сақталуға тиіс деп жазды. Егер шарт бұзылса, ХАМАС мүшелеріне қарсы шара қолданатынын ескертті. Осыған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Вашингтонда ХАМАС-пен келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеген. Әзірге екі тарап ортақ мәмілеге келмеді.