Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері жарияланды
Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері жарияланды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Ведомствоның мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 616,3 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 193,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 422,5 миллиард теңге жұмсалған.
"2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 852 теңге болған, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 90 091 теңге, базалық зейнетақы – 42 761 теңге", - делінген хабарламада.
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 354 мың адам.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатыны айтылды.