жұма, 22 қараша, 2024 0:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері жарияланды

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері жарияланды
фото: ашық дереккөз
Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері жарияланды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Ведомствоның  мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 616,3 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 193,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 422,5 миллиард теңге жұмсалған.

"2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 852 теңге болған, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 90 091 теңге, базалық зейнетақы – 42 761 теңге", - делінген хабарламада.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 354 мың адам.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатыны айтылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар