дүйсенбі, 10 наурыз, 2025 17:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бокстан Қазақстан құрамасының әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды

Бокстан Қазақстан құрамасының әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
Фото: Photo credit: NOC
Бокстан Қазақстан құрамасы әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына баратын спортшылардың тізімін жариялады.

Әлем чемпионаты 8-17 наурыз арасында Сербияның Ниш қаласында болады. Бұл жарыс 2024 жылы Астанада өту керек болған еді. Алайда, белгісіз себептермен бәсеке өтпей қалды.

Байрақты бәсекеде спортшылар 12 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Қазақстан құрамасы барлық салмақта бақтарын сынайды.

Олай болса, ел намысын Сербияда мына спортшылар қорғайтын болады:

48 келі салмақта Назым Қызайбай

50 келі салмақта Алуа Балқыбекова

52 келі салмақта Анита Адишева

54 келі салмақта Жайна Шекербекова

57 келі салмақта Карина Ибрагимова

60 келі салмақта Виктория Графеева

63 келі салмақта Аида Әбікеева

66 келі салмақта Жасмин Қизатова

70 келі салмақта Наталья Богданова

75 келі салмақта Надежда Рябец

81 келі салмақта Гүлсая Ержан

81+ келі салмақта Елдана Тәліпова

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар