Қоғам

Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды

Бұл туралы ақпарат Бас прокуратураның «қылмыскерлерді іздеу» бөлімінде жария болды

Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 69 жастағы ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат Бас прокуратураның «қылмыскерлерді іздеу» бөлімінде жария болды. Ресми дереккөз жазғандай, оны іздеуге бастамашы болған прокуратура, ал іздейтін – Антикор.

Айта кетейік, Нұрлан және Ерлан Нығматулиндердің ағасы Арғын Нығматулин «Сарыарқа» Қарағанды хоккей клубының негізін қалап, кейін оны басқарған. Бірақ, 2018 жылы клубтың директорлығынан кеткен.