Саясат

Жамбыл тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

Жамбыл тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

Түркістан облысында терроризмді насихаттағаны және экстремистік ұйымның қызметіне қатысу арқылы басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматтар сотталды. 
— Жамбыл облысының тұрғыны өткен жылдың қазан айында Telegram әлеуметтік желісінде «Ислам үшін» атты парақша ашып, онда заңсыз террористік құрылым ретінде танылған «Мұсылман бауырлар» және «Өзбекстан-исламдық қозғалысы» (Қазақстанда тыйым салынған — ред.) халықаралық террористік ұйымдарының бейне жазбаларын таратқан. Сол сияқты, Түркістан облысының тұрғыны желтоқсан айында «WhatsApp» және «Facebook» әлеуметтік желілері арқылы бірнеше рет «Хизб-ут-Тахрир» (Қазақстанда тыйым салынған — ред.) діни экстремистік ұйымының бейнежазбаларын таратқан, — делінген Түркістан облысының прокуратурасы хабарламасында.

Мемлекеттік айыптаушылар сот барысында сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеп, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Терроризмді насихаттаған кінәлі тұлғаларға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды.

Үкімдер заңды күшіне енген.