ХАМАС атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңінде қалған тұтқындарды босатады
ХАМАС атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңінде қалған тұтқындарды босатады
ХАМАС-тың баспасөз хатшысы Хазем Касемнің мәлімдеуінше, Газадағы қалған тұтқындар тек атысты тоқтату туралы келісімнің екінші кезеңінде келіссөздер аясында ғана босатылады, деп хабарлайды ИРНА ақпарат агенттігі.
Хазем Касем АҚШ-тың Таяу Шығыстағы мәселелер жөніндегі өкілінің Газа секторында атысты уақытша тоқтату жоспарын қабылдаған жоқ.
— Газа секторындағы қарсыласу тобының қолындағы қалған сионистік тұтқындар бітімгершілік келісімінің екінші кезеңіндегі келіссөздер қорытындысы және тұтқындар алмасу келісімі қорытындысы бойынша ғана босатылады, — деп атап өтті Хазем Касем.
Оның айтуынша, Газа секторында атысты тоқтату келісімі үш кезеңнен тұрады, және атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңіне өту ол басталған сәттен он алтыншы күнге жоспарланған.
— Біз бұл процеске адалмыз, — деп атап өтті ол.
Еске сала кетсек, ХАМАС Израильді келіссөздің екінші кезеңін кейінге қалдырды деп айыптады.
Кейін Израиль Рамазан айында Газаға күш қолданбауға келісті.