Әлеумет

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жабық сот отырысында өтеді

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жабық сот отырысында өтеді

 

Астана қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 наурызда алқабилерді іріктеу бойынша  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық отырыс өтеді. Іріктеуден кейін алқабилердің қатысуымен істі қарау басталады.

"Үміткерлер саны жарияланбайды, бұл – құпия ақпарат. Жабық отырыста алқабилердің қажетті санын жинау мүмкін болмаса, онда қайта іріктеу жүргізіледі, – деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. 

Бұған дейін сот Айжан Құлбаева алдын ала тыңдаудың екінші күнінің қорытындысы бойынша бірыңғай тізімнен 300 алқабиге кандидатты іріктеу үшін шақыру туралы бұйрық берген болатын.

Алқабилер он адамнан тұрады, дауыс беруге сот отырысына төрағалық ететін сот та қатысады.
Үкімді шығарған кезде сот  алқа шығарған шешімді орындауға міндетті: егер алқа сотталушыны кінәлі емес деп тапса (және керісінше) ол айыптау үкімін шығара алмайды.
Сот айыпталушының кінәсі дәлелденген жағдайда ғана жазаны анықтай алады.