"Жыртыңдап шыға бермейін дедім": Дариға Бадықова көп шықпай кеткенінің себебін айтты
Ол әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.
Оның оқырмандары түрлі сұрақ қойып, актрисаның неге кейінгі кездері көрінбей кеткенін ерекше атап өтті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Жыртыңдап шыға бермейін дедім. Әзірге мүлдем жоғалып кететін мен жоқ», – деп жауап берді Дариға Бадықова.
Айтуынша, көбісі оны көкірек, жүрегі қатты деп ойлайды.
«Мен лапухпын негізі. Дарылдап жүретіндердің арамдығы аз. Жеке бастарын ойламайды. Өзімді солай көрсетіп, оттай берем», – деді актриса.