Қоғам

Тауда жоғалған туристер табылды

Іле Алатауы тауларында жоғалған 3 турист құтқарылды

Іле Алатауы тауларында жоғалған 3 турист құтқарылды

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше таңертең 2 жас жігіт пен 1 қыз Өткел-Жусалы шатқалы-Үлкен Алматы көлі бағыты бойынша тауға шыққан. Сол күні сағат 14:30-да туристердің бірі Ақтау қаласында тұратын ағасына қоңырау шалып, олар «Алма-Арасан» көздеріне жетпегенін, бағытын басқа жаққа өзгерткенін айтқан. Ары қарай олармен байланыс үзілген.

Бүгін түнгі сағат 00:10-да РЖҚЖ көмекке шақырылды. Түні бойы туристерді іздеу жүргізілді. РЖҚЖ құтқарушылары адасқан азаматтарды сағат 9:40-та «Өткел» шатқалынан тапты. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.