Бокс: Махмұд Сабырхан тамақтан уланып қалған
Бұл туралы Бокс федерациясы мәлімдеді.
Әуесқой боксшы Махмұд Сабырхан Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турнирінде жұдырықтаса алмайтын болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап.
Бокс федерациясының мәліметіне сүйенсек, дәрігердің шешіміне сай, 54 келі салмақтағы боксшы Странджа халықаралық турниріндегі бүгінгі жекпе-жегіне шықпайтын болды.
«Тағам инфекциясы. 3 наурызға дейін жарыстарға қатыспайды», - деп хабарлайды федерация дәрігердің анықтамасындағы диагнозды ұсына отырып.
Айта кетейік, 24 ақпан мен 2 наурыз аралағында Болгарияда «Странджа» Халықаралық турнирі өтеді.