Саясат

Мемлекеттік грантты өтемеген қазақстандық түлектерге ақыны қайтару туралы жаппай хабарлама келіп жатыр

Мемлекеттік грантты өтемеген қазақстандық түлектерге ақыны қайтару туралы жаппай хабарлама келіп жатыр

Елімізде грантта оқыған қазақстандықтарға қаржы орталығынан мемлекет алдында борышты екені туралы хабарламалар келіп жатыр. Грантты үш жыл жұмыс істеп ақтау талабын қойған үкімет тіпті, үш жылға бір екі-ай жетпей, жұмыстан шыққандарға да ақыны өндіруді талап етуде. Бұл туралы  7-арнаның жаңалықтар бағдарламасы хабарлады. 

.Жас маман Аяжан Сапарғали үш жыл жұмыс істесе де мұндай хабарлама не үшін келгенін ұқпайды.

“Кеше ғана қаржы орталығынан хабарлама алдым. Онда менің тарапымнан грантты өтемеу және сот арқылы оқу шығындарының сомасын өндіріп алу жөніндегі міндеттемелерді бұзу туралы айтылған. Мен Ақтөбе қаласындағы университетті педагогикалық мамандық бойынша бітірдім. 2020 жылы диплом алып, бірден Алматы мектептерінің бірінде орыс тілі мұғалімі болып жұмысқа кірдім. Үш оқу жылында жұмыс істеп, 2023 жылы жұмыстан шықтым. Менің сұрағым, неге олар базадан бәрін тексермейді? Неліктен мен енді Алматыға барлық анықтамалармен барып, дәлелдеуім керек?”, – деді ол.

Аяжан  бір жыл бұрын өз кәсібін өзгерткен. Мектептен сән индустриясына ауысқан. Оның айтуынша, жұмысқа кіріскеннен бастап 3 жылды толығымен өтеу керек. Аяжан жұмыстан бір ай ерте шығып кеткені үшін мемлекетке грант өтемін қайтаруы керек. 

“Егер жас маман бұл жағдайдағыдай бір-екі ай жұмыс істемесе, ол SMS-хабарламада көрсетілген байланыс орталығына немесе 69 50 56 нөміріне қоңырау шалып, кеңес ала алады. Ол жұмыс істеп жатқанын растайтын құжатты ұсынып, жұмыс істемеген кезеңдегі сомаға пропорционалды түрде өтей алады. Заңда "Серпін" қоныс аудару бағдарламасы бойынша оқығандарды қоспағанда, мемлекеттік тапсырыс негізінде барлық азаматтар оқу мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде үш жыл жұмыс істеуі тиіс деген норма бар. Мұндай хабарламалар мемлекеттік грантты өтемеген жоғары оқу орындарының барлық түлектеріне жаппай жіберіледі. Мысалы, кеше ғана 1414 қызметі арқылы үш мыңнан астам смс-хабарлама жіберілді”, – деді “Қаржы орталығы” АҚ мониторинг департаментінің жетекші маманы Димаш Сейсенқұлов.

Тіпті кейбіреулерге онлайн форматта сот процесі жүріп жатыр. Өз грантын өтемеген түлектерден қарыз сомасы мәжбүрлі түрде өндіріледі. Егер сот оны кінәлі деп тапса, шоты бұғатталып, шетелге шығуға тыйым салынады. Ақша сіздің жалақыңыздан өндіріле бастайды. Адвокаттардың айтуынша, олардың тәжірибесінде грант иелерінің мүдделерін қорғауға тура келетін жағдайлар көп болған. Алайда мемлекетке қарсы істі жеңу іс жүзінде мүмкін емес екен.

Грант өтеуден босату туралы құжат жүкті немесе үш жасқа дейінгі баласы бар ЖОО түлегіне беріледі. Сонымен қатар, I немесе II топтармен расталған физикалық мүмкіндіктері шектеулі жандарға, күйеуі немесе әйелінің тұратын елді мекенінде жұмыс істейтін бос орындар болмаса, магистратураға, резидентураға немесе докторантураға грантқа түскен студенттер босатыла алады.

Қаржы орталығының мәліметінше, 2012 жылдан бастап 2024 жылға дейін үш жүз мыңға жуық қазақстандық білім гранттарының иегері атанды. Оның ішінде жас мамандардың 29% - ы босатылды, жұмысқа 116 мың немесе 39% - ы келді. Тағы 22% - ы жұмыс істемейді, 26 мың адам мемлекеттік грантты толығымен өтеген. Үш мыңға жуығы мемлекетке шығындарды өтеген.

Түлек әскери қызметте болған кезде бір жылға кейінге қалдырыда алады. Ал жұмыссыз адам еңбек биржасына тіркеліп, сол арқылы грантты өтеу есебіне кіреді.