сенбі, 22 ақпан, 2025 19:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алаяқ әйел қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

Алаяқ әйел қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған
Фото: polisia.kz
Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы облысында алаяқ әйел қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы операция аясында қылмыстық схемаларға қатысы бар күдіктілер ұсталған. 

Қонаев қаласының 31 жастағы тұрғыны азаматтардың сеніміне кіріп, заңсыз түрде қаржылық пайда тапқан. Сондай-ақ оның тағы бір өрескел іске қатысы бар екені анықталды. Ол баланың еміне ақша жинау сылтауымен адамдарды алдаған.

Ал тағы бір эпизод бойынша 26 жастағы ер адам өзін жүк тасымалдаушы ретінде таныстырып, тауарды жеткіземін деген уәдемен 180 мың теңгені иемденіп кеткен.

«Барлық факті бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғаушылар күдіктілердің басқа алаяқтық әрекеттерге қатыстылығын тексеруде. “ANTI-FRAUD” операциясы жалғасуда, ал полиция азаматтарды сақтық танытып, алаяқтық схемалар туралы хабарлап отыруға шақырады», – деп мәлімдеді киберполиция қызметкерлері.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар