Ақан Сатаевтың фильмі қырғыз прокатынан алынды
Бұл туралы «Синетамика» кинотеатрлар желісі мәлім етті
Қазақстандық режисер Ақан Сатаев түсірген «Рэкетир: Жаңа заман» фильмі Қырғызстанда прокаттан алынды. Бұл туралы «Синетамика» кинотеатрлар желісі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Кинотуынды 13 ақпанда ТМД елдерінің бірнеше мемлекетінде бір уақытта үлкен экранда көрсетіліп бастаған болатын. Фильм қатысушылары бұған дейін Қазақстанның бірнеше қаласында және Мәскеуде тұсаукесер рәсімін өткізген. Сондай-ақ Бішкек те ондай шара өткен. Енді фильм көрші елдің прокатынан алынып отыр.
Құрметті көрермендер, «Рэкетир: жаңа кезеңдер» фильмі елдегі бүкіл кинотеатрдың прокатынан алынды. Билет ақысын қайтарып алу туралы кинотеатрдың әкімшілігімен сөйлесіңіздер, - деп жазылған жазбада.
Фильмді режиссер Ақан Сатаев 2024 жылы түсірген. Кинокартина түрмеде жазасын өтеп, бостандыққа шыққан Саянның тағдырының жалғасын баяндайды.