Алматы облысының бұрынғы әкімі дүниеден озды
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев өзінің Facebook-тағы парақшасында жазды.
Қоғам және мемлекет қайраткері, Алматы облысының бұрынғы әкімі Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы дүниеден озды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев өзінің Facebook-тағы парақшасында ақпарат жариялап, бөлісті.
Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы – еңбек жолын ауылшаруашылығы саласынан бастап, ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы облысының әкімі, Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі лауазымдарын зор абыроймен атқарған. Облыстың, ауданның қоғамдық-саяси қызметтердің ортасында жүріп, жауапты қызметтерде халықтың ризашылығына бөленген мемлекеттік қызметкер.