Шавкаттың жекпе-жегі кейінге қалды
"Рамазан айындағы оразаны ескере отырып, 10 мамырда белбеу үшін күресуге дайын емеспіз деп шештік".
UFC қазақстандық жауынгері Шавкат Рахмоновтың тренері Эдуард Базров UFC 315 турнирінде титулдық жекпе-жектен бас тарту себептері туралы айтып берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін қазақстандыққа қарсы жекпе-жектің орнына жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпион Белал Мұхаммед австралиялық Джек Делла Маддаленамен жекпе-жек өткізетіні белгілі болған. Жаттықтырушының айтуынша, Рахмонов келесі жекпе-жекті осындай қысқа мерзімде өткізуге дайын емес екен.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов әлеуметтік желілерден оған титулдық жекпе-жек ұсынылғанын мәлімдеді, бірақ ол жарақатқа сілтеме жасап, сегізбұрышқа барудан бас тартты.