Атырау және Павлодар мұнай зауыттарының сатылатыны туралы ақпарат – жалған
- авторОймақ
- 26 наурыз, 2024
- 438
Атырау және Павлодар мұнай зауыттарының сатылатыны туралы ақпаратқа қатысты "ҚазМұнайГаз" пікір білдірді
АМӨЗ бен Павлодар мұнай зауытын "Лукойл" сатып алатыны туралы ақпарат жақын күндері тараған еді. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Атырау және Павлодар мұнай зауыттары жекешеленетіні туралы әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ беттерінде ақпарат жарияланған еді. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми мәлімдейміз. Тіпті бұл жайында келісімдер де болған жоқ. Барлық мұнай зауыттары штаттық кесте бойынша жұмыс істеп жатыр, – деді "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Қайыршыларға қатысты рейд басталды
Ұқсас жаңалықтар
Будапешттегі Король сарайында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
- авторОймақ
- 20 қараша, 2024