жұма, 21 ақпан, 2025 18:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алмас Кішкенбаев қамаудан шықты

Алмас Кішкенбаев қамаудан шықты
фото: скрин
Ол 15 тәулікке қамалған болатын.

Қазақстандық танымал әнші Алмас Кішкенбаев қамаудан шықты, деп хабарлады Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Ол жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету бойынша 15 тәулікке қамалған болатын.

Еске сала кетейік, Алмас Кішкенбаевқа әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 434-баптың 1-бөлігіне сәйкес ("Адамдарға қорлайтын тәсілдермен жыныстық тұрғыдан қолсұғушылық көрсету, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзу") айып тағылған.

Сот шешімі бойынша, Кішкенбаев мас күйде кәмелетке толмаған жасөспірімге тиісіп, оған лайықсыз әрекеттер жасағаны анықталды. Сотта әнші бұл оқиғаның қалай болғанын есіне түсіре алмайтынын айтты. Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторынан шыққанда, оны қара түсті жол талғамайтын көлік күтіп алды.

Сағат 18:00-де Алмас Кішкенбаев изолятордан шықты, тілшімен сөйлесуден бас тартып, тез арада көлігіне отырып, кетіп қалды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар