Спорт

Пара спортшы алтын медаль жеңіп алды

Бұл жарысқа әлемнің 42 елінен спортшылар қатысты.

Қазақстан Республикасының спорт шебері, пара спортшы Әсем Жанәділова Дубайда өткен Fazza International Championships-2025 World Para Athletics Grand Prix турнирінде ядро лақтырудан алтын медаль жеңіп алды.

Fazza World Para Athletics Grand Prix - Дүниежүзілік Гран При сериясына кіретін ең ірі пара-атлетика жарыстарының бірі. Бұл жарысқа әлемнің 42 елінен спортшылар қатысты. 

Айта кетейік, Әсем Жанәділова жеңіл атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және 2022 жылы Марокконың Марракеш қаласында өткен Әлемдік серияның жүлдегері болып табылады.

Әсем Жанәділова 2017 жылдан бері Ақмола облысына қарасты Жарқайың ауданында орналасқан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Мерген" спорт клубында бапкері Данияр Бектемісовтың жетекшілігімен  жаттығады.