Руханият

Ұлттық академиялық кітапханаға жаңа директор келді

Директор лауазымына Сейітова Күміс Қарсақбайқызы тағайындалды.

2025 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры лауазымына Сейітова Күміс Қарсақбайқызы тағайындалды.

Сейітова Күміс Қарсақбайқызы Қарағанды облысында дүниеге келген. Жезқазған педагогикалық институтын, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетті және «Болашақ» академиясын бітірген.

2004-2023 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, соңғы лауазымы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.

2024 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.