жұма, 21 ақпан, 2025 9:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Италияда өтетін қысқы Олимпиадаға шақырту алды

Италияда өтетін қысқы Олимпиадаға шақырту алды
Сурет: gov.kz
Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды.

“Ресми хат Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) тарапынан жіберілді. Бұл – елдің төртжылдықтың басты қысқы спорттық жарысына қатысуын растайтын дәстүрлі рәсім.Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиада ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Сол уақыттан бері біздің атлеттер жалпы сегіз медаль жеңіп алды: бір алтын, үш күміс және төрт қола”, –делінген ҰОК хабарламасында.

Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар