жұма, 21 ақпан, 2025 8:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қызын пышақтаған ана алты жылға сотталды

Қызын пышақтаған ана алты жылға сотталды
Фото: istockphoto
Сот үш ай қаралған қылмыстық істің үкімін шығарды.

Солтүстік Қазақстан облысында сабағын дұрыс оқымағаны үшін қызын пышақтаған ана алты жылға сотталды. «Ашу үстінде қалай пышақ жұмсағанымды білмеймін» деп, қанша ақталса да, оған деген сот үкімі жеңілдемеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz   Aikyn.kz сайтына  сілтеме жасап. 

Үш ай қаралған қылмыстық істің үкімін сот бүгін шығарды. Алты баласы бар көпбалалы ана енді жазасын темір тордың ар жағында өтейді.

Бұған дейін еркін жүрген оны, күйеуі мен пышақталған қызының көзінше сот залынан қамауға алып кетіп, ата-аналық құқығынан айырды. Істеген ісіне өкініп, қатесін мойындаса да, жетінші баласына аяғы ауыр екенін ескерсе де, сот оған деген жазаның ең жеңілі осы деп, оны алты жылға бас бостандығынан айырды. Ал оның мектеп жасындағы үш баласы мен балабақшадағы сәбиін енді әкесі мен ата-әжесі бағады. 

Еске салайық, былтыр қыркүйек айында 11 жастағы бүлдіршінді шешесі пышақтап, жағдайы нашарлаған қызға 500 шақырым жерден тікұшақпен барған дәрігерлер ота жасап, қызды әрең аман алып қалған болатын.

– Сотталушы бұл қылығын ашу үстінде жасапты. Қатты ызаланған ол, ас үйден пышақ алып, қызын үш жерден пышақтаған. Ар жағы есінде жоқ, тек енесінің араша түсіп, тоқтатып жатқанын біледі. Сараптама қорытындысы келіншектің қылмыс жасап жатқан кезінде ақыл-есі сау болғанын көрсетті, – деді судья Әсемгүл Тоқтарбаева. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар