сенбі, 22 ақпан, 2025 5:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Діни басқарма биылғы пітір садақа мөлшерін бекітті

Діни басқарма биылғы  пітір садақа мөлшерін бекітті
Фото Depositphotos.com
2025 жылы Қазақстанда пітір садақаның мөлшері екі келі ұнның орташа бағасына тең, яғни, 655 теңге.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы биыл Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшерін бекітті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

2025 жылы Қазақстанда пітір садақаның мөлшері екі келі ұнның орташа бағасына тең, яғни, 655 теңге. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті. Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекіді, -делінген  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Пітір садақаның мөлшері бидай немесе ұн және мейізден жарты сағ (2 кг), ал арпа мен құрмадан бір сағ (4 кг), яки осылардың ақшалай құны беріледі.

Пітір садақаны берудің уәжіп уақыты айттың бірінші күні. Оны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады. Уақытында бере алмаған жағдайда айт намазынан кейін берсе де болады. Алайда пітірді айт намазына дейін беру – мұстахаб.  

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар