Табысын жасырып, салықтан жалтарған блогер көп
600-ге жуық блогерге 30 күн уақыт берілді.
Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір блогерлер табысын жасырып, салықтан жалтарып жүргенін мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Соның нәтижесінде биылғы жылдың 13-14 ақпан аралығында «кірістерді төмендету» бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілген.
Сонымен қатар, салықшылар табыс алу кезінде салықтарды төлеу қажеттілігіне, оның ішінде әртүрлі интернет-ресурстарында онлайн-жарнамаларды жариялауға (ақпараттық өнімдерді жылжыту немесе сату, әртүрлі оқыту курстарын сату, ұтыс ойындарын өткізу және т.б.) назар аударады. Көрсетілген міндеттемелер Конституция мен Салық кодексінде белгіленгенін ескертеді.
Бұған дейін блогер Әлішер Елікбаев салық органдарынан хат келгенін, онда өте көп сома жазылғанын айтқан еді.