Түрмедегі туған күнге қатысты Шерзат Болаттың адвокаттары мәлімдеме жасады
Аталмыш бейнежазба 8-9 ақпан күндері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторында түсірілген.
Кеше Шерзат ісіне қатысы бар деген күдіктілердің түрмеде туған күндерін мәз-мейрам тойлап отырған видеосы тараған еді. Осы бейнежазбадан кейін Шерзат ісі бойынша адвокаттар құқық қорғау органдарына сұрау жіберген. Бүгін олар Алматы облысының уақытша ұстау изоляторында тұтқындарды ұстау нормаларын бұзу фактісі бойынша алған ақпараттарын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш бейнежазба 8-9 ақпан күндері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторында түсірілген.
Адвокат Ерлан Адаев тараған видео бойынша Ішкі істер министрлігіне сұрау жолдаған. Ол қызметтік тексеріс жүргізілді ме, жоқ па, оның қандай сатыда екенін, уақытша оқшаулағыштағы күдіктілер ұстаған құралдар тәркіленді ме, жоқ па деген ақпаратты сұратқан.