Саясат

Президент Литва халқына құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Литва президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады.

Жеделхатта Литва Республикасы бүгінде Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өз мемлекеттілігін нығайтып, азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жолында едәуір жетістікке қол жеткізгені жазылған. Президент Қазақстан мен Литва арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухында өрістеп келе жатқан қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.