
БРИКС саммитінің өтетін күні мен орны белгілі болды
2025 жылы Бразилия төрағалық ететін БРИКС саммиті Рио-де-Жанейрода 6-7 шілде аралығында өтеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Бразилия 1 қаңтарда БРИКС төрағасы болды.
2024 жылы бірлестікті Ресей басқарды, оның төрағалығы кезіндегі басты оқиға 22-24 қазанда өткен Қазан саммиті болды. Онда серіктес мемлекеттер санатын құру туралы шешім қабылданды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Индонезия ресми түрде БРИКС қатарына қосылғанын хабарлаған едік. Сонымен қатар Беларусь те ресми түрде БРИКС серіктесі атанды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.