Алматы зообағы Алатауға көшеді
Алатауда туризм, логистика, өнеркәсіп, білім беру және бизнес салаларында 11 жоба әзірленіп жатыр.
Бұл туралы Алатау қаласында министрліктердің вице-министрлері қатысқан жобалық кеңсе отырысында белгілі болды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.
Жиынға Ұлттық экономика, Әділет, Ауыл шаруашылығы, Көлік, құрылыс және инфрақұрылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері қатысты. Қатысушылар құрылысқа қаржыландыру құралдарын енгізу, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану, зообақты көшіру, сондай-ақ әуе таксиіне арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады.
Қаланы тартымды ету және кадрлық әлеуетті арттыру үшін мамандарға арналған ипотекалық кредит беру лимитін ұлғайту ұсынылды. Алатауда туризм, логистика, өнеркәсіп, білім беру және бизнес салаларында 11 жоба әзірленіп жатыр.