Шығыс Қазақстанда жер сілкінді
Облыс аумағында 3 балдық жер сілкінісі тіркелді.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «СБжЗҒҰО» АҚ сейсмикалық стансалар желісі 2025 жылғы 15 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 06:52-де жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Ресей аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1 225 шақырым жерде орналасқан.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында болжамды қарқындылық (баллда) болды:
Қатонқарағай 3,0 б.
Марқакөл 3,0 б.
Үлкен-Нарын 3,0 б.
Алтай қаласы (Зырян) 3,0 б.
Боран 3,0 б.
Риддер қаласы (Лениногорск) 2,0 б.
Зайсан қаласы 3,0 б.
Күршім (Күршім) 3,0 б.
Самара 3.0 б.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.