сәрсенбі, 19 ақпан, 2025 18:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әйелдер төбелесі: ұшақ неге ұшпай қалды?

Әйелдер төбелесі: ұшақ неге ұшпай қалды?
Фото:depositphotos.com/MassimoParisi
Ұшақ Эрзурум қаласының әуежайына қонды.

Түркиядан шығуы тиіс ұшақ украиндық ерлі-зайыпты мен қазақ әйелдерінің төбелесіне байланысты ұшпай қалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

TRTHaber порталының мәліметінше, Pegasus Airlines әуе компаниясының рейсі Түркияның Эрзурум қаласына жоспардан тыс қонған. Оқиғаға қатысы бар төрт жолаушы ұшақтан түсіріліп, медициналық тексеруден өткен.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, ұшақ бортында украиндық ерлі-зайыпты мен қазақстандық екі әйелдің арасында жанжал басталып, көп ұзамай ол төбелеске ұласқан. Экипаж командирі қонуға шешім қабылдаған.

Ұшақ Эрзурум қаласының әуежайына қонды. Түркиялық басылымның хабарлауынша, төбелеске қатысы бар барлық жолаушы ұшақтан шығарылды - тараптар бір-бірінің үстінен шағым түсірген. Сондай-ақ басылым төбелеске қатысушылар алдымен ауруханаға денсаулық жағдайын тексеру үшін жеткізілгенін, кейін полиция бөлімшесіне жеткізілгенін жазады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар