Азия ойындары: қоржынымызда – 4 алтын
Хоккейден ерлер құрамасы басым түсті.
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан 4 алтын алды.
Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен 5-0 есебімен жеңді.
Шайба авторлары:
Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд)
Дмитрий Бреус (21:02)
Роман Старченко (37:59)
Кирилл Панюков (42:24)
Кирилл Панюков (44:23)
Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанды (9 шайбадан).
Олег Болякин шәкірттері IX қысқы ойында барлық матчта жеңіске жетті.
Топтық кезеңде Қытай (6-1), Жапония, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея командасын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тағы тізе бүктірді.
Айта кетейік, ерлер арасында қола медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды.