Әлеумет

Алматыда тәрбиеші 4 жасар баланы тұншықтырған

Ата-аналар Бостандық аудандық полициясына арыз жазды.

Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде жұмыс істейтін тәрбиеші 4 жасар баланы тұншықтарып, ұрып-соққан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ата-ананың бірі 4 жасар баласының тәрбиешіден зорлық-зомбылық көргенін айтып шағымданған. Ол бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, тәрбиеші баласын тұншықтырғанын көрсететін жазбаларды тапқан. Оқиға болған кезде бөлмеде тағы екі қызметкер болды. Алайда олар әріптесінің әрекетіне араласпаған.

Ата-аналар Бостандық аудандық полициясына арыз жазды.

"Бостандық аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық тергеуді бастады", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықталып жатқанын жеткізді. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылатын болады.