Алматыда қоқыс қалдықтары зауытында бөлшектелген әйелдің денесі табылды
Полиция департаменті бұл деректі растады.
Алматы полициясы кісі өлтіру дерегі бойынша ер адамды ұстады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Алматыдағы қатты қалдықтарды өңдеу зауытында әйелдің бөлшектелген денесі табылғаны туралы ақпарат тарады.
Алматы қаласының Полиция департаменті бұл деректі растады. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзімен бірге ішімдік ішіп отырған әйелмен жанжалдасып, оны өлтіріп тастаған.