Алматыда қоқыс қалдықтары зауытында бөлшектелген әйелдің денесі табылды
- авторОймақ
- 12 ақпан, 2025
- 132

Алматы полициясы кісі өлтіру дерегі бойынша ер адамды ұстады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Алматыдағы қатты қалдықтарды өңдеу зауытында әйелдің бөлшектелген денесі табылғаны туралы ақпарат тарады.
Алматы қаласының Полиция департаменті бұл деректі растады. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзімен бірге ішімдік ішіп отырған әйелмен жанжалдасып, оны өлтіріп тастаған.
“Түрксіб аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр”, - деп хабарлады департаменттен.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.