дүйсенбі, 24 ақпан, 2025 18:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дастан ресми түрде "Челсиге" ауысты

Дастан ресми түрде "Челсиге" ауысты
Қазақстан футбол федерациясы
Ақпаратты «Қайрат» клубы ресми түрде растады.

Алматының «Қайрат» футбол клубы ресми түрде 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың Лондонның «Челси» клубына ауысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін футбол инсайдері Фабрицио Романоның ақпаратын «Қайрат» клубы ресми түрде растады.

Дастан Сәтпаев – «Челсидің» ойыншысы, бірақ тағы бір жыл «Қайратта» ойнайды. 16 жастағы қазақстандық шабуылшы 2026 жылдың жазында Лондондық клубқа ресми түрде қосылады. Алматылық «Қайрат» пен «Челси» 16 жастағы ойыншының трансфері бойынша келісімге келді. Кәмелет жасына толған соң, Сәтпаев Англияға көшіп, «Челси» сапында ойнайды, ал әзірге ол «Қайрат» құрамында өнер көрсетуді жалғастырады.

Дастанның жетістіктері:

▪️ QJ League-те екі маусымда 28 матчта 26 гол, 10 нәтижелі пас

▪️ QJ League 2024 жылғы маусымның ең құнды ойыншысы

▪️ Бірінші лигада 5 матч ойнап, жеңіс голын соққан

▪️ УЕФА Жасөспірімдер лигасында 4 матчта 1 гол, 1 нәтижелі пас

 2024 жылғы мамырда 15 жасында Сәтпаев негізгі командада дебют жасап, «Қайрат» тарихындағы ең жас ойыншы атанды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар