Спорт

Алғашқы алтынды шорт-тректен ерлер командасы ұтты

«Сүйінші, қазақ елі!»: ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.

Қысқы Азия ойындарының алғашқы алтынын шорт-тректен ерлер командасы ұтты.  

Чемпиондар командасына Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен, Абзал Әжғалиев және Глеб Ивченко кірді.

Ал шорт-тректен әйелдер құрамасы Азия ойындарында тағы бір күміс медаль жеңіп алды!

Бұл жолы олар әйелдер эстафетасында 3000 метрлік қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстан құрамасының сапында Яна Хан, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева және Мадина Жанбусинова өнер көрсетті.