
Қысқы Азия ойындарының алғашқы алтынын шорт-тректен ерлер командасы ұтты.
Чемпиондар командасына Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен, Абзал Әжғалиев және Глеб Ивченко кірді.
«Алдыңғы Азия ойындарында Қазақстан шорт-тректен бір ғана қола алса, Харбинде құрама алтынды қосқанда үш медаль жеңіп алды!» – делінген ҰОК хабарламасында.
Ал шорт-тректен әйелдер құрамасы Азия ойындарында тағы бір күміс медаль жеңіп алды!
Бұл жолы олар әйелдер эстафетасында 3000 метрлік қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстан құрамасының сапында Яна Хан, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева және Мадина Жанбусинова өнер көрсетті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.