Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы елшісі Тимур Примбетов Аса Қасиетті Рим Папасы Францискке сенім грамоталарын тапсырды
Салтанатты шара Рим Папасының резиденциясында өтті.
Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы елшісі Тимур Примбетов Аса Қасиетті Рим Папасы Францискке сенім грамоталарын тапсырды.
Салтанатты шара Рим Папасының Domus Santa Marta резиденциясында өтті.
Сыртқы істер министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, ресми қабылдау барысында Рим-католик шіркеуінің басшысы қазақ дипломатын Қазақстан Республикасының Ватикан мемлекетіндегі елшілігінің ашылуымен құттықтап, табысты және жемісті жұмыс атқаруды тіледі.
Кездесу соңында Рим Папасы Францискке Қазақстан Президентінің биыл қыркүйекте Астанада өтетін VIII съезіне арнаған жеке шақыртуы табыс етілді.