Биыл "Әулиеата жастары" бағдарламасы бойынша қанша отбасы үйлі болады?
Биыл "Әулиеата жастары" бағдарламасы бойынша 150 жас маманды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр
"Былтыр "Әулиеата жастары" бағдарламасы аясында 140 жас отбасын баспанамен қамтуға 1 млрд теңге қаржы бөлінді. Биыл аталған жоба жалғасын тауып, 150-ге жуық жасты баспанамен қамту жоспарланып отыр", - делінген баспасөз хабарламасында. "Обтасы банк" ұсынған ақпаратқа сәйкес, "Әулиеата жастары" бағдарламасына қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар мынадай: Қазақстан азаматтығы. жасы - бағдарламаға қатысушының жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан, (бар болса) бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген сәтте 35 жасқа дейін (қоса алғанда). Бағдарламаға бағдарламаның негізгі қатысушысы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады; бағдарламаға қатысушының таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі - соңғы жұмыс орнында кемінде 6 ай; бағдарламаға қатысушының "Отбасы банк" АҚ-да шоттағы бастапқы жарна сомасының қалдығы өтінім беру сәтіндегі қарыз сомасының кемінде 5% мөлшерінде жинақ шотының болуы; бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде Қазақстан аумағы бойынша соңғы 5 (бес) жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйдің (ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі, өтінішке енгізілетін отбасының басқа мүшелерімен бірлескен ортақ үлестік меншік) болмауы; бағдарламаға қатысушының сайтта өтінім беру кезінде таңдалған Жамбыл облысының аумағындағы елдімекеннен (қаладан/ауданнан) ғана тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар. Бағдарламаға мынадай қызмет салаларында жұмыс істейтіндер қатыса алады: денсаулық сақтау – Жамбыл облысында орналасқан Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік (мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар) және мемлекеттік емес (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен ЖШС, АҚ және КЕАҚ) ұйымдарда жұмыс істейтін бейінді денсаулық сақтау қызметкерлері; білім беру - Жамбыл облысында орналасқан жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары және ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері; мәдениет – Жамбыл облысында орналасқан мемлекеттік (коммуналдық мемлекеттік мекемелердің, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың) және мемлекеттік емес ұйымдардың (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен ЖШС, АҚ және КЕАҚ) негізгі салаларының қызметкерлері; спорт – Жамбыл облысында орналасқан мемлекеттік (коммуналдық мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарда) және мемлекеттік емес (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен ЖШС, АҚ және КЕАҚ) ұйымдарда жұмыс істейтін жаттықтырушылар (оқытушылар); дін – Жамбыл облысында орналасқан Діндер проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлері; журналистика - Жамбыл облысындағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері және Жамбыл облысы бойынша республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының жергілікті тілшілері.
Өтініш пен құжаттарды беру порталдағы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады: e-jambyl.kz Айта кетсек, Жамбыл облысында өткен жылы 759 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді (жоспар 750 мың шаршы метр). Сонымен қатар 3709 пәтерлі 78 үйдің құрылысы басталып, оның ішінде 1159 пәтерлі 26 үй пайдалануға берілді. Облыста көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 23,2 млрд теңгеге 1 671 пәтер сатып алынды. Нәтижесінде 1038 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның 926-сы әлеуметтік жағынан осал топтары санатындағы отбасылар. 2024 жылы тұрғын үй құрылысы мен пәтер сатып алуға бюджеттен 2 есе көп қаражат бөлінді (2023 жылы – 23,2 млрд теңге, 2024 жылы – 40,8 млрд теңге). Биыл 770 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру және халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы отбасыларға 361 пәтер сатып алу жоспарланып отыр.