Спорт
Азиада-2025: конькиші Евгений Кошкин Қазақстан қоржынына екінші күмісті салды
- авторОймақ
- 8 ақпан, 2025
- 197

Қазақстандық конькиші Евгений Кошкин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді
Бұл спорт түрінен алғашқы медальдар жинағы ерлер арасында 100 метр қашықтықта сарапқа салынды. Кошкин көрсеткен нәтиже — 9,47 секунд, бұл бұған дейінгі Азия рекордынан жоғары көрсеткіш. Дегенмен қазақты қытайлық Гао Тинъюй (9,35) басып озып, чемпион атанды. Қола жүлдені оңтүстіккореялық Ким Джун Хо (9,62) жеңіп алды. Қазақстандық Алтай Жәрдембекұлы жеңіс тұғырына сәл ғана жете алмады, ол төртінші (9,64) болып келді. Артур Галиев 12 (9,93), Никита Важенин – 15 (10,01)-орынға жайғасты.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.