жексенбі, 23 ақпан, 2025 9:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы финалға шықты

Шорт-тректен  Қазақстан құрамасы  финалға шықты
Фото: Сали Сабиров, ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Финал 8 ақпанда Астана уақытымен 07:06-да басталады.

Қазақстан құрамасы шорт-тректен 2025 жылғы Азия ойындарында аралас командалық эстафетада финалға шықты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалда Абзал Әжғалиев, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Мерсаид Жақсыбаев өз жарысында бірінші нәтиже көрсетіп, Жапония мен Тайбэйден озып кетті.

Осылайша, команда жартылай финалға жолдама алды. Бұл кезеңде ел намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Алина Әжғалиева қорғады. Жарыста қазақстандықтар екінші болып мәре сызығын кесіп, Харбинде өтетін финалға жолдама алды.

Финал 8 ақпанда Астана уақытымен 07:06-да басталады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар