дүйсенбі, 24 ақпан, 2025 13:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақылы жолдарға жаңа абонемент енгізілді

Ақылы жолдарға жаңа абонемент енгізілді
фото ЖИ
Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” мекемесінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстанда ақылы жолдарда айлық және жылдық абонемент енгізілді.

Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” мекемесінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«ҚазАвтоЖол» еліміздегі ақылы жолдарда айлық және жылдық абонемент енгізді. Абонементті 1403 байланыс орталығы, Кaztoll.kz сайты, ақы төлеу пункттері және клиентпен жұмыс істеу орталығы арқылы рәсімдеуге болады”, – делінген “ҚазАвтоЖол” хабарламасында.

Бір айлық абонемент:

жеңіл көліктерге қарастырылмаған,

16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін болатын жүк автомобильдері үшін 7 864 теңге,

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері 15 728 теңге ,

Жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары және 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін 31 456 теңге,

Ал жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін 39 320 теңге төлейді.

Ал бір жылдық абонемент үшін:

жеңіл көлік жүргізушілері 3 932 теңге төлеуі тиіс,

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін 78 640 теңге,

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері 235 920 теңге,

Жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары және 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін 314 560 теңге,

Ал жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін 393 200 теңге төлейді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар