Қоғам

"Қазақмыс" тұңғыш президентке ұшақ сатып алып берді" деген ақпарат шындыққа жанаспайды

"Қазақмыс" корпорациясы ешбір жеке тұлғаға әуе кемесін сатып әпермегенін мәлімдеді.

"Қазақмыс" "Корпорация экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұшақ сатып алып берді" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде "Қазақмыс" корпорациясы Қазақстанның тұңғыш президентіне ұшақ сатып алыпты-мыс деген хабардың таралуына байланысты ресми түрде бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз", - делінген мәлімдемеде.

"Қазақмыс" корпорациясы ешбір жеке тұлғаға әуе кемесін сатып әпермегенін мәлімдеді.

"Әуе кемесін сатып алу тек компанияның өндірістік қажеттіліктерімен байланысты. Мұндай келісім туралы кез келген мәлімдеме негізсіз және қоғамды жаңылыстыруға бағытталған. Біз бұқаралық ақпарат құралдарын және әлеуметтік желі қолданушыларын таратылатын ақпараттың шынайылығын мұқият тексеруге және расталмаған деректерді жариялаудан бас тартуға шақырамыз", - деп хабарлады корпорация.