«Наурыз жұмыскер» атты жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
- авторОймақ
- Бүгін, 10:44
- 41
Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Осыған орай Қазақстанда жұмысшылар үшін «Наурыз жұмыскер» атты жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады.
Жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары мынадай:
Мөлшерлеме – әлеуметтік осал адамдар үшін 7 % (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 9.6%-ға дейін) және қалған санаттар үшін 9% (ЖТСМ 13% дейін).
Бастапқы жарна: алғашқы пәтерді таза әрлеумен толық сатып алғанда 10%-дан, ал егер толық салынбаған және екінші нарықтағы үйлерде 20%-дан.
Қарыздың ең жоғары сомасы Астана мен Алматы қалаларында – 36 млн теңге болса, өзге өңірлерде – 30 млн теңге.
Қатысушыларға қойылатын негізгі талап: саладағы кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкер болуы керек. Мәселен, өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары.
«Наурыз жұмыскер» бойынша ипотекалық қарыз алуға құқығы бар нақты мамандықтарға келетін болсақ, тізім қазір қалыптасу сатысында. «Наурыз жұмыскер» бойынша жұмысшы кәсіптерінің тізімін ОКЭД (экономикалық Қызметтің негізгі жіктеуіштері) бойынша жұмыс тобы анықтайды», – деп хабарлады ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитетінің отырысында Отбасы банкінің өкілі.
Басым кәсіптердің тізімі бағдарлама басталғанға дейін, яғни наурыздың ортасына дейін ұсынылады.
Биыл бағдарламаға 72 млрд теңге бөлінеді. Бұған шамамен 2,5 мың отбасы үйлі болады. «Наурыз жұмыскер» ипотекасы «Наурыз» бағдарламасының бір бөлігі болғандықтан, шарттары бірдей. Қарыз шарттары: пәтердің құны 25 млн теңге болуы керек. Бастапқы жарна - 20% немесе 5 млн теңге (депозитте болуы тиіс).
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.